A dark, textured statue of a person holding a tool with a chain is featured alongside the logos of the European Union and Internews, and the text "ШЕЖІРЕЛІ ҚҰЛАҚ КҮЙІ".
The image features an abstract design in light gray against a dark gray background, consisting of angular shapes resembling incomplete brackets and a comma.
Qūlaq Küi
Құлақ күй - күйдің күйі, хәлі.
Жоба күйді тек әуен ретінде емес, халықтың тарихи жады, ұлттық кімдігі мен қарсылық тілі ретінде тануға жол ашады
жоба туралы
«Шежірелі құлақ күй» – патшалық және советтік кезеңдегі отаршыл саясаттың ұлттық музыкаға, қоғамдық санаға және мәдени кодқа тигізген әсерін тереңнен талдайтын 20 сериялы деректі жоба.

Жобаның негізгі мақсаты – күйді тек әуен ретінде емес, халықтың тарихи жады, ұлттық identity мен қарсылық тілі ретінде таныту. Тарихи зерттеу барысында домбыраның стандартталуы, күйшілердің қуғын-сүргінге ұшырауы, шығармашылыққа жасалған цензура және күй аңыздарының идеологияға сай бұрмалануы сияқты мәселелер көтеріледі.

Топтамада «Күй – қарсылық тілі», «Репрессияға ұшыраған күйшілер», «Ашаршылық және күй» сияқты тарихи тақырыптармен қатар, «Мәдени отарлау»,«Идеология құрсауындағы күй», «Күй тыңдау мәдениетінің трансформациясы», «Домбыра аспабының стандартталуы» сияқты бүгінгі күні де өзекті мәселелер қамтылған.