Несколько темных киосков PrintBox с сенсорными экранами, отображающими 'Распечатка', '+24' и '447₽', окружены плавающими иконками документов на темном, отражающем фоне.
Белая иконка принтера с синей точкой сверху справа и двумя синими линиями, изображающими бумагу снизу, на сплошном синем фоне.
PrintBox · Осында басып шығару
Сіз PrintBox терминалының жанындасыз. Файлды ботқа жіберіңіз → «Получить код» басыңыз → кодты экранға енгізіңіз. 24/7, операторсыз.
Қалай басып шығару керек
  1. Файлды ботқа жіберіңіз. Жоғарыдағы Telegram немесе Aitu батырмасын басып, құжатты жіберіңіз — PDF, Word немесе фото.
  2. Ботта «Получить код» батырмасын басыңыз. Код өздігінен келмейді — оны сұрау керек. Код бір реттік.
  3. Кодты терминал экранына енгізіңіз де, беттерді, түсті және көшірме санын таңдаңыз.
  4. Төлеп, алыңыз. Экранда Бірыңғай QR шығады — оны кез келген банк қосымшасында сканерлеңіз (Kaspi, Halyk, Freedom және т.б.).

Керісінше де болады: алдымен кодты алып, терминалға кіріңіз, содан кейін файлдарды ботқа жіберіп, экрандағы «Обновить» батырмасын басыңыз — құжаттар пайда болады.

📅 Файлдар 3 күн сақталады — алдын ала жіберіңіз: үйден, жолда немесе кезекте тұрып.

💡 PDF жіберіңіз — сонда құжаттың пішімі бұзылмайды.

Бірдеңе дұрыс болмаса
Файлды жібердім, бірақ код келмеді
Код өздігінен келмейді — файлды жібергеннен кейін ботта «Получить код» батырмасын басыңыз.
Кодты енгіздім, бірақ экранда файл жоқ
Файлды ботқа жіберіп, терминал экранындағы «Обновить» батырмасын басыңыз — құжат тізімде пайда болады.
Терминал кодты қабылдамайды
Код бір реттік: қолданылғаннан кейін ол жарамсыз болады. Ботта «Получить код» арқылы жаңасын алып, сандарды дұрыс енгізгеніңізді тексеріңіз.
Файлды алдын ала жіберуге бола ма?
Иә. Файлдар 3 күн сақталады — үйден, жолда немесе кезекте жіберіп, терминалдың жанында тек код алыңыз.
Қандай файлдарды басып шығаруға болады?
PDF, Word және фото. Барлығы ботқа бірдей — қарапайым файл ретінде жіберіледі.
Төледім, бірақ басып шығару басталмады
Терминалдан кетпеңіз және бірден WhatsApp қолдау қызметіне жазыңыз: төлем уақыты мен экранда не көрінетінін айтыңыз. Шешеміз.
Құжат қисық немесе ығысып шықты
Бұл Word файлдарында болады. Құжатты PDF ретінде сақтап, қайта жіберіңіз.
Қағаз бітті / терминал жұмыс істемейді
Қолдау қызметіне жазыңыз — қай терминалдың жанында тұрғаныңызды көрсетіңіз. Біз терминалдарды қашықтан бақылап, тез әрекет етеміз.