OY-DETOX-та медиа сауат, әйел денсаулығы, мәдениет, әлеуметтік құбылыстар, тұлғалық тәжірибе мен қоғамдық пікір қалыптастыру мәселелері қозғалады.
Жоба авторы - Әйнел Әмірхан
Соңғы екі айда OY-DETOX / Денсаулық айдарында дәл осы олқылықтың орнын толтыруға арналған 5 жаңа эпизод жарық көрді.
Бұл шығарылымдарда біз «ауырып қалған соң не істеу керек?» дегеннен гөрі, неге ауырып қаламыз, оны қалай алдын аламыз және өз ағзамызды қалай тыңдаймыз деген сұрақтарға жауап іздейміз.
🔹 Психотерапевт Сая Бақимовамен – жақындық, тәуелділік, балалық шақтағы жарақаттар және психикалық денсаулық туралы ашық әңгіме.
🔹 Фармаколог, б.ғ.д. Шынар Байдуллаевамен – дәрі бағасы қалай қалыптасады, отандық дәрілердің сапасы, дәріні дұрыс сақтау, ауырсынуды басатын және қызуды түсіретін препараттар жайлы маңызды талқылау.
🔹 Кардиолог Әсел Карбозовамен – жүрек ауырмаса да, неге кардиологқа бару керек, инфаркт пен инсульттің еленбей қалатын алғашқы белгілері, өмір салты арқылы нені алдын алуға болатыны туралы.
🔹 Эндокринолог Құндыз Темірбекқызымен – артық салмақ пен семіздік неге тек эстетика емес, ұзақ мерзімді денсаулық мәселесі екені жайлы. Бұл эпизод арықтау емес, денсаулықты сақтау туралы.
🔹 Уролог-андролог Ернұр Айнаевпен – ерлер белсіздігі, тестостеронның төмендеуі, андропауза және неге ер-азаматтар дәрігерге кеш жүгінетіні жөнінде.
Өзіңізге де, жақындарыңызға да пайдалы болса, тыңдап, бөлісіп, талқылаңыз.
уақыттарыңыз үшін рақмет!