Даму ойындары
Балаларға арналған электронды дәптерлер мен құралдар. Онлайн сатып аласыз, үйде басып шығарасыз.
Сәлеметсіз бе! Мен — Ая 🤍

Екі баланың анасымын, отбасымызбен Германияда тұрамыз. Біз мультфильм көрмейміз — оның орнына балаларыммен бірге ойнап, бірге үйренеміз. Осы ойындар мен дәптерлердің бәрін өзім ойлап тауып, өз қолыммен жасадым. Барлығы — ана тілімізде, қазақ тілінде. Сіздің балаңызға да ұнайды деп сенемін!

Сұрақтар мен жауаптар
Қалай тапсырыс беремін?
Қажетті тауарды басыңыз, WhatsApp дайын хабарламамен ашылады. Оны жіберіңіз. Атаулы дәптер үшін баланың атын жазыңыз.
Қалай төлеймін?
«Kaspi арқылы төлеу» батырмасын басып, тауар сомасын енгізіңіз. Төлегеннен кейін чекті WhatsApp-қа жіберіңіз.
Дәптерді қалай аламын?
Бұл электронды файл (PDF). Төлегеннен кейін оны сізге WhatsApp арқылы жібереміз.
Қалай басып шығарамын?
Кез келген принтерде, А4 парағында. Үйде немесе көшірме орталығында, қанша рет болса да.
Жеткізу бар ма?
Жоқ, біз тек электронды нұсқаларды сатамыз.