«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ — Қазақстан экономикасының басым бағыттарын қолдау мен қаржыландыруды қамтамасыз ететін негізгі даму институттарының бірі. 2025 жылдан бастап Холдинг капитал тартуға, жаңа өндірістер құруға, инфрақұрылымды дамытуға және шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға басымдық беретін жаңа инвестициялық модель бойынша жұмыс істейді.