Зоя Ниязова
«Каждый из нас мечтает о светлом будущем. У нас есть своё дело, которое помогает нам двигаться вперёд и достигать успеха. Конечно, у нас ещё много планов и мечтаний. Например, мой свекор, 25 лет назад собственными руками построил пекарню. Сейчас рядом уже заложен новый фундамент — это заготовка для будущего ресторана, который он когда-то мечтал построить. Наша цель — завершить начатое, открыть ресторан и продолжить развивать наш бизнес. Если всё получится, это будет первый ресторан в Сольтресте (ныне село Жаксыкылыш), что делает нашу мечту ещё более значимой и вдохновляющей», — предпринимательница Зоя Ниязова.
Зоя родилась и выросла в селе Жаксыкылыш. В молодости её отец заболел, и всю большую семью из шестерых детей воспитывала мама. Из-за болезни отца Зоя не смогла продолжить обучение и поступить в вуз, она окончила 11 классов, но это не помешало ей найти своё призвание.

«В 20 лет я вышла замуж. У меня трое сыновей и двое внуков. Когда мы поженились, у моего свекра уже была собственная пекарня. Он стал моим первым наставником в пекарном деле. Мы выпекали хлеб, батоны, булочки, медовые торты, поставляли их в больницы, школы и детские сады Арала. Я проработала в этой пекарне около 20 лет, до тех пор, пока здоровье свекра не ухудшилось, и он не смог продолжать своё дело, — рассказывает Зоя. — Два года назад я решила развивать себя в новом направлении и начала печь пряники и коржики. В этом деле особую роль сыграла моя сноха, Акбота. Она стала для меня источником вдохновения и поддержкой. Именно благодаря её наставничеству я смогла освоить тонкости ремесла и продолжить дело нашей семьи. Я искренне благодарна Акботе за её помощь и участие. Как говорят, Аллах всегда приводит нужного человека в нужный момент, чтобы помочь. Для меня таким человеком стала Акбота, и я никогда не перестану ценить её вклад в мою жизнь и дело, которое я так люблю».

«Десять лет назад она была одной из первых женщин в нашем регионе, которая начала свой бизнес. Тогда мало кто верил, что женщины могут успешно заниматься предпринимательством. Однако благодаря Акботе многие женщины в нашем районе поверили в себя, освоили основы бизнеса и начали своё дело. Можно сказать, что она совершила настоящую революцию, и это нисколько не преувеличение», — признаётся Зоя.

Производством Зои занимается вся семья и наёмные сотрудницы. Они осуществляют доставку в такие города и села, как Арал, Сексеуил, Камбаш, Казалы, Торетам. Сыновья Зои занимаются доставкой, а муж отвечает за организацию: принимает заказы, координирует работу. В команде у Зои 11 сотрудников. Они ежедневно производят по 500 кг пряников и коржиков.
«Әрқайсымыз жарқын болашақты армандаймыз. Біздің алға жылжуға және табысқа жетуге көмектесетін өз бизнесіміз бар. Әрине, әлі де көп жоспарлар мен армандар бар. Мәселен, қайын атам осыдан 25 жыл бұрын өз қолымен наубайхана салды. Енді наубйхана жанында жаңа іргетас қаланды - бұл бір кездері ол салуды армандаған болашақ мейрамхана құрылысының бастамасы. Мақсатымыз – бастаған ісімізді аяқтап, мейрамхана ашып, кәсібімізді одан әрі өркендету. Егер бәрі ойдағыдай болса, бұл Солтресттегі (қазіргі Жақсықылыш ауылы) бірінші мейрамхана болмақ, бұл біздің арманымызды одан сайын мәнді етеді, әрі бізді шабыттандырады», - дейді кәсіпкер Зоя Ниязова.
«Мен 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Үш ұлым, екі немерем бар. Біз отау құрған кезде қайын атамның жеке наубайханасы болды. Ол менің наубайхана бизнесіндегі алғашқы тәлімгерім болды. Нан, бөлке, тоқаш, бал торттарын пісіріп, Аралдағы ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға жеткізіп отырдық. Мен осы наубайханада 20 жылдай жұмыс істедім, қайын атамның денсаулығы нашарлап, кәсібін жалғастыра алмай қалды», - дейді Зоя. — Екі жыл бұрын өзімді жаңа бағытта дамытуды ұйғарып, пряник пен коржик пісіруді бастадым. Бұл істе келінім Ақботаның рөлі ерекше болды. Ол менің шабыттандырушым және тірегім болды. Ақботаның тәлімгерлігінің арқасында наубайхана ісінің қыр-сырын меңгеріп, отбасымыздың ісін жалғастырдым. Көмегі мен қатысқаны үшін Ақботаға шын жүректен алғыс айтамын. Алла әрқашан қажетті адамды қажет кезінде көмекке жібереді. Ақбота мен үшін сондай адам болды, мен оның өміріме және өзім жақсы көретін кәсіпке қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймын».

«Осыдан он жыл бұрын ол біздің облыстағы алғашқылардың бірі болып өз ісін ашқан. Ол кезде әйелдердің кәсіпкерлікпен ойдағыдай айналыса алатынына сенетіндер аз еді. Дегенмен, ауданымызда қаншама қыз-келіншектер Ақботаның арқасында өзіне сеніп, бизнестің қыр-сырын меңгеріп, өз ісін ашты. Ол нағыз төңкеріс жасады деп айта аламыз және бұл асыра сілтеу емес», - деп мойындайды Зоя.

Зояның өндірісіне бүкіл отбасы және жалданған қызметкерлер тартылған. Арал, Сексеуіл, Қамбаш, Қазалы, Төретам сияқты қалалар мен ауылдарға жеткізеді. Зояның ұлдары жеткізумен айналысады, ал ұйымдастыруға күйеуі жауап береді: тапсырыстарды қабылдап, жұмысты үйлестіреді. Зояның ұжымында 11 қызметкер бар. Олар күніне 500 келі пряник пен коржик пісіреді.